БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

98 Екінті намазының сүннеті менҚұптан намазының алғашқы төрт рәкәғат сүннеті сияқты сүннет ғайры мүәккадаларда алғашқы отырыста Әттәхияттан кейін «Аллаһүммә салли» мен «Аллаһүммә бәрик» оқылады. Осы намаздарда үшінші рәкәғаттың басында «Сүбханәкә» оқылады. Сосын «Әғузү», «Бисмиллә» айтылып, «Фатиха» оқылады. Бесін намазының сүннетіне «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі бесін намазының сүннетін өтеуге», – деп жүрекпен ниет етеді. Ал парызына «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі бесін намазының парызын өтеуге» деп жүрекпен ниет етеді. Соңғы сүннетіне «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі бесін намазының соңғы сүннетін өтеуге», – деп көңілімен ниет етеді. Екінті намазының сүннетіне «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі екінті намазының сүннетін өтеуге», парызына да «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі екінті намазының парызын өтеуге» деп жүрекпен ниет етеді. Ақшам намазының парызына «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі ақшам намазының парызын өтеуге», сүннетіне болса «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі ақшам намазының сүннетін өтеуге» деп жүрекпен ниет етеді. Құптан намазының алғашқы сүннетіне «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі құптан намазының сүннетін өтеуге», – деп, парызына болса «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі құптан намазының парызын өтеуге» деп ниет етеді. Соңғы сүннетіне «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі құптан намазының соңғы сүннетін өтеуге», – деп ниет қылады. Кейін үш рәкәғат үтір намазына «Ниет еттім Алла ризалығы үшін үтір намазын өтеуге», – деп ықыласпен ниет етеді. Барлық ниет жүрекпен, ықыласпен жасалады. Жүрегімен ниеттенбей тек тілмен айту жеткілікті болмайды. Жүрегімен ниет етумен қатар тілмен айтуға да болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=