БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
97 Сүбханаллаһи уәл хамду лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар. Уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил ғалийл ғазим. Мағынасы: – Алланы пәктеп, ұлықтаймын. Мадақ Оған тән. Алладан басқа Құдай жоқ. Алла ұлы. (Күнәлардан бет бұрып, ғибадат ететін) күш-жігер тек аса ұлы Алланың жәрдемімен ғана болады. Бұданкейінбірмәрте аятүл курси (Аллаһу лә иләһә илләһү) және отыз үш мәрте «Сүбханәллаһ», отыз үш рет «Әлхамдү лилләһ», отыз үш мәрте «Аллаһү әкбар» айтылады. Кейін мына тәкбір, тәһлил және тахмид оқылады: Аллаһү әкбар лә иләһә иллаллаһү уәхдәһү лә шәрикә ләһ. Ләһүл-мүлкү уә ләһүл-хамдү юхий уә юмит. Уә һуә хайюл-лә иәмүт. Биәдиһил-хайр. Уә һуә ғалә кулли шәйин қадир. Мағынасы: – Алла ұлы. Одан өзге Құдай жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ, барлық мүлік, иелік Соның қолында, мадақ- мақтау Оған тән, тірілтеді, өлтіреді. Ол өлмейді мәңгі тірі, жақсылық Оның қолында, Оның құдіреті бәріне жетеді. Жоғарыдағы тәкбір, тәһлил және тахмидтен кейін қол жайып, Алладан тілек тілеп, бет сипайды (27-28- суреттер). Барлық намаздар осы тәртіппен оқылады. Тек үш және төрт рәкәғаттық парыз намаздар мен төрт рәкәғаттық муәккәд сүннет намаздар, сондай-ақ үтір намазының екі рәкәғаттан кейінгі бірінші отырысында тек «Әттәхият» оқылады. «Аллаһүммә салли» мен «Аллаһүммә бәрик» оқылмайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=