БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
96 ұстамай, үстіңгі жағын жерге тиетіндей етіп еркін ұстайды. (8-сурет). Сәждеде үш мәрте «Сүбханә раббиял әғлә» деп айтады, «Аллаһү әкбар» деп басын көтеріп, бір рет тәсбих айтатындай аялдап жүгініп отырады. Сосын «Аллаһү әкбар» деп екінші сәждеге барады. Екінші рәкәғатта «Сүбһанәкә» оқымай тура бірінші рәкәғаттағыдай қайталап, екінші сәждеден кейін оң аяқтың башпайларын құбылаға қарата жерге тіреп, сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады (21-сурет). Ал әйелдер болса, аяқтарын оң жаққа шығарып, сол жақ жамбастарымен отырады (22- сурет). Бұл отырыста «Әттәхият, Аллаһүммә салли және Аллаһүммә бәрик» оқылады. Артынан «Раббәнә әтинә» сияқтыдұғалардыоқып, оң иыққа бұрылып, «Әссәләмү ғәләйкүм уә рахмәтуллаһ» деп, алдымен оң жаққа, сосын сол жаққа сәлем беріп, намазды аяқтайды (сәлемде иықтарға қарайды) (23, 24, 25, 26-суреттер). Таң намазының парызы да сүннеті сияқты оқылады. Ерлер барлық парыз намазы үшін қамат айтады. Намазды аяқтаған соң сәлемнен кейін «Аллаһүммә әнтәссәләмү уәминкәссәләм. Тәбәрактә иә зәлжәләли уәл икрам», – делініп, артынан төмендегі тәсбих оқылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=