БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

95 тұрғаны парызы болса: «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі таң намазының парызын өтеуге», – деп ниеттенеді. Ал, егер де нәпіл намазын оқитын болса: «Ниет еттім Алла ризалығы үшін намаз оқуға», – деп көңілімен ниет қылады. Содан соң, екі қолының саусақтарын арасын ашып, алақандарын құбылаға қарата, басбармақты құлақ сырғалығына тиетіндей көтеріп «Аллаһү әкбар» деп тәкбір алады (1- сурет). Ал әйелдер болса, саусақ ұштары иығының тұсына жететіндей етіп көтереді (2-сурет). Содан кейін, ерлер оң қолдарының бас бармақ және шынашағымен сол қолдың білегін қысып ұстап, кіндік астына қол байлайды (3-сурет). Әйелдер болса, оң қолын сол қолының үстіне басып ұстап, кеуделеріне қойып, сәжде орнына қарап тұрады (4-сурет). Қол байлаған соң «Сүбханәкә» оқылады, «Әғузү, бисмиллә» айтылып, «Фатиха» оқылады. Біткенде іштей «Әмин» деп, бір сүре немесе ең кемінде, қысқа бір сүреге тең келетін бір аят оқылады. Екі қолды жіберіп, «Аллаһү әкбар» деп рүкуға барады. Ерлер рүкуда саусақтары ашық күйде, қолдарымен тізелерін қапсыра ұстайды, бас пен арқаны бір деңгейде ұстайды (6-сурет). Әйелдер ерлер сияқты көп еңкеймейді (7-сурет). Рүкуда ең кем үш мәрте «Сүбһанә раббиял азиим» деп айтылады, рүкуда бас түзу ұсталып, аяқ ұштарына қаралады. Рүкуден «Сәмиғ Аллаһү лимән һамидәһ» деп бой түзеледі және «Раббәнә ләкәл һамд» деп айтылады. Тік тұрған соң «Аллаһү әкбар» деп сәждеге жығылады. Сәждеге алдымен екі тізе, кейін екі қол, сосын бас тиеді (сәждеде маңдай мен мұрынға жердің қаттылығы білінетіндей болуы керек). Саусақ пен башпайлар құбылаға қарайды. Сәждеде ерлер қарындары мен аяқтарының арасын ашып ұстайды (7-сурет). Ал әйелдер, керісінше, шынтақтарын көтермей, екі аяғын қарнына жабыстырып, аяқтарын тік

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=