БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

94 3. Жылау (Егер Алладан қорқып жыласа, намазға зияны жоқ); 4. Әдейі және себепсіз жөтеліп, тамақ қырнау; 5. Сағыз шайнау; 6. Бір рүкін ішінде үш мәрте қыл жұлу; 7. Бір рүкін ішінде қолын көтеріп, кез-келген бір жерін үш рет қасу; 8. Бір ракағатта екі сап мөлшеріндей жүру; 9. Шаш немесе сақал тарау; 10. Әйелмен арада бір адам сиятындай орын болмай немесе бір деңгейде тұрып, бір намазды, бір имамға ұйып оқу; 11. Себепсіз жүзін және кеудесін құбыладан бұру; 12. Намаз үстінде имамнан басқаның қатесін білдіру; 13. Құранды мағынасы бұзылатындай қате оқу; 14. Әдейі сәлем беріп, сәлем алу (Намаз бітті екен деп сәлем берсе, бұзылмайды, бірақ сәһу сәждесін жасау керек болады); 15. Әурет жердің төрттен бір бөлігінің, үш тәсбих айтылатындай уақыт ашық қалуы (Егер әуретін өзі әдейі ашса, намаз бірден бұзылады); 16. Сәждеде екі аяғын бірдей жерден ажырату (Бір аяғын үш рет немесе екі аяғын кезек-кезек көтерсе де намаз бұзылады). Намаз қалай оқылады? Намаз оқитын адам алдымен тұла бойында және намаз оқитын орнында намаз оқуға кедергі болатын кір-лас пен нәжістің бар-жоғын мұқият тексереді. Дәретін алып, құбылаға бет бұрып, дүниелік ойлардан мүмкіндігінше арылады. Алланың рухани құзырында тұрғанын жадынан шығармай, оқитын намазына шынайы көңілімен ниет етеді. Мысалы, оқитыны таң намазының сүннеті болса: «Ниет еттім Алла ризалығы үшін бүгінгі таң намазының сүннетін өтеуге», – деп көңілімен ниеттенеді. Ал, оқығалы

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=