БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

93 35. Парыздың екінші рәкәғатында бірінші рәкәғатта оқылғаннан үш аят артық оқу; 36. Жамағаттың имамға қосылып қырағат оқуы; 37. Себепсіз, сәлденің маңдайды жауып тұруы (сәждеде сәлде емес маңдай тиюі керек); 38. Қиямда себепсіз қабырғаға сүйену; 39. Қиямда оңға не солға қисайып тұру; 40. Себепсіз бір аяқпен тұрып оқу; 41. Намаз үстінде аят, тәсбихтарды саусақпен санау; 42. Жамағатпен намаз оқылып жатқанда, өзі бөлек оқуы; 43. Имамның михрабтан басқа жерде тұруы, 44. Жамағаттың имамнан 50 см биік жерде тұру; 45. Имамның 50см биікте тұруы. (Егер имамның қасында бір адам болса, мәкруһ емес); 46. «Бисмиллә» мен «Әминді» дауыстап айту; 47. Қирағатты рүкуға бара жатып бітіру; 48. Тәкбір, зікір және қирағаттың әрқайсысын тиісті жерінде оқымау; 49. Рүку мен сәжде тәсбихтарын басты көтерген соң айту; 50. Иықты ашып немесе жеңді түріп оқу; 51. Алдынан біреу кесіп өтуі мүмкін екенін біле тұра алдына сүтра (шынтақ бойы белгі) қоймау; 52. Бір нәрсені иіскеу; 53. Естілмейтіндей үрлеу (Естілетіндей үрлесе, намаз бұзылады); 54. Басын қол орамал немесе соған ұқсас бірдеңемен орап, төбені ашық қалдыру; 55. Ауыз бен мұрынды бүркеп оқу; 52. Екінші рет жиналған жамағатқа имам болатын кісінің михрабта тұруы; НАМАЗДЫ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР: 1. Сөйлеу немесе өзі еститіндей күлу (Егер күлгенін жанындағылар естісе намазы да, дәреті де бұзылады); 2. «Аһ! Уһ!» деп күрсіну, ыңқылдау;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=