БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
92 13. Тахиятта екі аяқтың башпайларын тіктеп, өкшесінің үстіне отыру; 14. Жамбасын жерге тигізіп, тізесін құшақтап немесе екі қолымен жер таянып отыру; 15. Жаңа және сәнді киімдері бола тұра, ескі, жаман киіммен оқу (Әдеттегі киіммен намазға тұру мүстахаб. Мысалы, түнгі киімдермен намазға тұру мәкруһ емес); 16. Жалаңбас оқу; 17. Сәждеде немесе сәжде сыртында саусақтарды немесе башпайларды құбыладан бұру; 18. Жамағатпен оқығанда, орын бола тұра сапты толтырмай, артта жалғыз тұрып оқу; 19. Мазарға немесе қабірге қарап оқу; 20. Нәжісті көріп тұрып оқу; 21. Әйелмен перде болмай, бір деңгейде тұрып оқу (бір имамға ұйымаған жағдайда); 22. Дәретке қысылып тұрып оқу; 23. Сәждеден тұрғанда тізені қолдан бұрын көтеру; 24. Сәждеде бір аяқты көтеру; 25. Имамнан бұрын рүкуға бару; 26. Имамнан бұрын рүкудан тұру; 27. Имамнан бұрын сәждеге бару; 28. Имамнан бұрын сәждеден басын көтеру; 29. Сәждеге барарда себепсіз қолдарын тізеден бұрын жерге қою; 30. Себепсіз жерге немесе қабырғаға сүйеніп сәждеден тұру; 31. Намазда маңдайына жабысқан топырақты сүрту; 32. Бірінші рәкәғатта оқыған қосымша сүреден кейін арада бір сүре тастап, кейінгі сүрені келесі рәкәғатта оқу, 33. Кез-келген бір рәкәғатта алдыңғы оқылған рәкәғаттағы қосымша сүреден бұрын келетін сүрені, немесе аятты оқу (Құрандағы реті бойынша оқымау); 34. Парыз намазда бір сүрені бір рәкәғатта екі мәрте оқу немесе екінші рәкәғатта қайталап оқу;
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=