БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
90 7. Фатиханың соңында «әмин» деп айту; 8. Үш және төрт рәкәғатты парыз намаздардың үшінші, төртінші рәкәғаттарында Фатиха оқу. 9. Рүку мен сәждеге барғанда және тұрғанда тәкбір айту; 10. Рүку мен сәждеде үш мәрте «Сүбханә рабби-ял азим» деп тәсбих айту; 11. Ерлердің рүкуда саусақтарының арасын ашық ұстап, тізесін шеңгелдей ұстауы, бас пен арқаны бір деңгейде түзу етіп еңкеюі (Әйелдер бастары мен арқаларын түзу қылмайды). Әйелдер саусақтарының арасын ашпай жәй ғана тізе үстіне қояды; 12. Имамның рүкудан бой түзеп жатқан кезде «сәмиғАллаһү лимән һамидәһ» деуі; 13. Жамағаттың рүкуден бой түзегенде «Раббәнә ләкәл һамд» деуі; 14. Жалғыз оқыған адамның екеуін де айтуы; 15. Сәждеде үш рет «Сүбханә рабби-ял ағла» деп айту. 16. Сәждеде қолдың саусақтарын жұмып ұстау. 17. Ерлердің сәждеде қарнын аяғына тигізбей, алақаннан басқа қолының өзге жерлерін жерден көтеріп ұстауы; 18. Әйелдердің сәждеде қолдарын денесіне жақын, қарнын аяғына жақындатып ұстауы; 19. Қағдада қолдарды тізе үстіне қойып, саусақтарды еркін ұстау; 20. Тәхийятта ерлердің сол аяқтарының үстіне отырып, оң аяқтарын жерге тіреуі; 21. Әйелдердің екі аяғын да оң жақтарына жіберіп, сол жамбастарымен отыруы; 22. Оң жақтан бастап сәлем беру; 23. Соңғы отырыста Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат оқу; Намаздың әдептері 1. Қамат айтып жатқанда «хәйя ғаләл-фәләх» деген кезде жамағаттың сап түзеуі; 2. Ифтитах тәкбірінде бас бармақтың ұшын құлақ
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=