БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

89 4. Қырағатты Фатиха мен сүрені алдыңғы екі рәкәғатта оқу; 5. Екі сәждені қатарынан жасау; 6. Тағдил әркан бойынша оқу, яғни қиям, рүку мен сәжде сияқты намаздың әр рүкінін толық орындау. Мысалы рүкудан тұрғанда дене толық тік тұруы керек, ең азынан «Сүбханаллаһ-ил азим» деп айтатын уақытша тік тұруы сосын сәждеге бару керек. Екі сәжде арасында да осындай тәсбих айтатындай уақыт өту керек. 7. Отырыстарда «әттәхиятты» оқу; 8. Намаз соңында сәлем беру; 9. Бесін мен екінті намаздарының парызында Фатиха мен қосымша сүрені іштен оқу; 10. Таң, ақшам және құптанның парыздарында, сондай- ақ жұма және екі айт намаздарында имамның Фатиха мен сүрелерді дауыстап оқуы; 11. Үш және төрт рәкәғатты намаздардың екінші рәкәғатынан соң отыру; 12. Фатиханы қосымша сүре мен аяттардың алдында оқу; 13. Намаз үстінде жаңылып орындалмаған уәжіптер үшін сәһу сәжде жасау; 14. Үтір намазында құнұт дұғасын оқу; 15. Сәждеде маңдай мен бірге мұрынды да жерге тигізу; Намаздың сүннеттері: 1. Азан шақыру; 2. Намазды бастағанда алғашқы тәкбірде ерлер қолдарын құлақ тұсына, ал әйелдер иық тұсына дейін көтеруі; 3. Тәкбірден соң қол байлау (Ерлер, оң қолдарының бас бармақ және шынашағымен сол қолдың білегін қысып ұстап кіндік астына қол байлайды. Әйелдер болса, оң қолын сол қолының үстіне басып ұстап, кеуделеріне қойып тұрады); 4. «Сүбханәкә» дұғасын оқу; 5. «Әғузү бисмиллә» айту; 6. Әр рәкәғатта Фатихадан бұрын бисмилләһ айту;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=