БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

88 РҮКУ Намаз рүкіндерінің төртіншісі – рүку. Рүку – қиямдағы қирағатты Фатиха мен бір қысқа сүрені бітірген соң, бас пен арқаны бір деңгейде ұстап иілу. Бұл кезде ер кісілер тізені саусақтарымен қапсыра ұстайды. Ал әйелдер болса, саусақтарын бірлестіріп тізе үстіне қояды. Рүкуда аяқ ұштарына қарайды. Отырып оқыған кісі рүкуға барғанда басын тізе тұсына дейін иеді. СӘЖДЕ Намаз рүкіндерінің бесіншісі – сәжде. Сәжде – рүкуден бой түзеген соң, маңдай мен мұрынды, екі аяқ ұшын, екі алақан мен тізені, яғни жеті мүшені жерге тигізу. Сәждеде мұрынның екі жағына қарайды. Екі қол беттің екі жағында, саусақтары бірлестіріліп, ұштары құбылаға бағытталады. СОҢҒЫ ОТЫРЫС Намаз рүкіндерінің алтыншысы – соңғы отырыс. Соңғы отырыс – намаз соңында «Әттәхият» оқитындай уақыт отыру. Ерлернамаздаотырғанкездеоңаяқтарыныңбашпайларын құбылаға қарайтындай орналастырып, ал сол аяғын жатқызып аяқ үстіне отырады. Ал әйелдер жамбастарымен отырып, екі аяқтарын да оң жаққа шығарады. Әйелдердің бұл отыру түрі «тәуәррук» деп аталады. Қолдар тізе үстінде құбылаға қаратылып еркін қойылады. Отырғанда құшағына қарайды. Намаздың уәжіптері 1. Намазды «Аллаһү әкбар» деп бастау; 2. Парыз намаздарының алғашқы екі рәкәғатында, нәпіл намаздарының әр рәкәғатында «Фатиха» сүресін оқу; 3. «Фатихадан» соң бір сүре, не болмаса бір қысқа сүре көлемінде аят оқу;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=