БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
87 Құнұт дұғасы Аллаһүммә иннә нәстәғинүкә. Уә нәстағфирукә уә нәстәһдик. Уә нүмину бикә уә нәтүбү иләйк. Уә нәтәуәккәлү ғаләйк. Уә нүсни ғаләйкәл-хайра күлләһү нәшкүрукә уәлә нәкфүрукә уә нәхләғу уә нәтрукү мәй-иәфжүрук. Аллаһүммә ииәкә нағбүдү уә ләкә нүсалли уә нәсжүдү уә иләйкә нәсға уә нәхфидү нәржү рахмәтәкә уә нәхшә ғазәбәкә иннә ғазәбәкә билкүффәри мулхиқ. Мағынасы: – Уа, Алла! Сенен жәрдем, тура жол және кешірім тілейміз, Саған сенеміз, Саған тәубе етеміз, Саған сенім артып, арқа сүйейміз. Және әрбір жақсылығың үшін Сені мадақтап, шүкіршілік қыламыз. Ешқашан Саған қарсы келмейміз. Саған қарсы бас көтергендерден бойымызды аулақ ұстаймыз. Уа, Алла! Жалғыз Саған құлшылық қыламыз, тек Сен үшін намаз оқып, сәждеге жығыламыз. Тек Өзің үшін еңбектеніп, қызмет қыламыз, рақымшылығыңа үміт артып, азабыңнан қорқамыз. Өйткені, Сенің азабың кәпірлердің алатын сыбағасы.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=