БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
8 АЛЛА ТАҒАЛАҒА ИМАН Иманның алты шартының біріншісі – Алла Тағалаға сену. Алла Тағала бар. Оның болмысы барлық көркем сипаттарды қамтыған. Ол бүкіл кемшілік атаулыдан ада әрі пәк. Алла Тағаланың сипаттары «зати сипаттар» және «сүбүти сипаттар» болып екіге бөлінеді. ЗАТИ СИПАТТАРЫ Алла Тағаланың зати сипаттары алтау. 1. Ужуд: Бар болу. Алла Тағала бар. 2. Қидам: Бастауы болмау. Ежелден бар болу. Алла Тағаланың бастауы жоқ. 3. Бәқа: Соңы болмау. Мәңгі болу. Алла Тағаланың бар болуының соңы жоқ. 4. Уахданият: Жалғыз болу. Алла Тағала затында және сипатында біреу ғана, серігі жоқ. 5. Мұхаләфәтүн лил-хауадис: Жаратылысқа мүлде ұқсамау. Алла Тағала еш нәрсеге ұқсамайды. Ойға келетін сипаттаулардан пәк. 6. Қиям бинәфсиһ: Алла Тағала еш нәрсеге мұқтаж емес. СҮБҮТИ СИПАТТАРЫ Алла Тағаланың сүбүти сипаттары сегіз. 1. Хаят: Тірі болу. Алла Тағала тірі және тірілтуші. 2. Ілім: Ғылым. Алла Тағала барлық нәрсені, тіпті жүректегі жасырын ниетті де біледі. 3. Сәмиғ: Есту. Алла Тағала бәрін естиді.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=