БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

71 – делінген. Мысалы, «бүгінгі таң намазына немесе жұма намазына, үтір намазына, немесе айт намазына» – деп ниет етіледі. Ал нәпіл намаздарға тек қана «ниет еттім намаз оқуға» деп айту жеткілікті. НАМАЗ РҮКІНДЕРІ Намаз рүкіндері алтау: 1. Ифтитах тәкбірі; 2. Қиям; 3. Қирағат; 4. Рүку; 5. Сәжде; 6. Соңғы отырыс. ИФТИТАХ ТӘКБІРІ («Аллаһү әкбар» деп бастау) Намаз рүкіндерінің біріншісі – ифтитах тәкбірі, яғни намазды «Аллаһү әкбар» деп бастау. Тәкбір айтқанда, алғашқы буынды «Аааллаһү...» деп созуға болмайды. Бұлай оқыса, намазды бастаған болып саналмайды. Егер намаз ішінде осылай айтса, намазы бұзылады. ҚИЯМ (Тік тұру) Намаз рүкіндерінің екіншісі – қиям. Яғни тік тұру. Қиям парыз және уәжіп намаздардың шарты. Тік тұру мүмкіншілігі бола тұра, отырып оқуға болмайды. ҚИРАҒАТ (Құран оқу) Намаз рүкіндерінің үшіншісі – қирағат. Қирағат – намазханның өзі еститіндей дәрежеде Құран Кәрімнен аяттар оқуы. Қирағатүтір, нәпілжәнеекі рәкәғаттыпарызнамаздардың әр рәкәғатында, ал төрт рәкәғаттық парыз намаздардың алғашқы екі рәкәғатында парыз. Соңғы екі рәкәғатында – сүннет. Парыз қирағаттың мөлшері қысқа үш аят немесе соған тең келетін ұзын бір аят.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=