БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
70 «Аллаһүммә раббә һәзиһид дағуәтит-тәммәһ уәссаләтил қаимәһ әти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл-фадиләһ уәбғасһү мақамән махмудәнилләзи уәғаттәһ, иннәкә лә тухлифүл миғад». Мағынасы: – Уа, Алла! Осы толық азанның және оқылғалы тұрған намаздың Раббы! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) уәсилә және үстемдік, ұлы дәреже бер, оны Өзің уәде еткендей «Мақамы Махмудқа» жеткіз, қиямет күні бізді оның шапағатына қауыштыр. Күдіксіз Сен уәдеңнен таймайсың. НИЕТ Намаз шарттарының алтыншысы – ниет. Яғни, Алла ризалығы үшін намазға шын көңілмен ниеттеніп, қандай намаз оқығалы тұрғанын білу. Ниеткөңілдеболады.Көңілдениететуменбіргеонытілмен де айтуға болады. Тек тілмен ғана айтылып , көңілде ниет болмаса, намазға ниет еткен болып саналмайды. Хазіреті Имам Раббанидың «Мәктубат Шәриф» атты кітабында (І том, 186-хатында): «Тек тілмен ниет ету болмайды. Себебі көпшілік тек қана ауызша ниет етіп, көңілден ниет етпей қойды. Осылайша намаз парыздарының бірі – көңілден ниет орындалмай жатыр. Намаз да қабыл болмайды. Сондықтан ниетті тілмен емес, жүрекпен айту қажет. Парыз намаздарда, айт және үтір намаздарда ниетті анықтап білдіру керек»
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=