БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

69 Азан: Таң намазының азанында «Хаийә ғаләл фәләх»-тан кейін екі мәрте «Әссаләтү хайрум минән-нәум» қосылады. Қамат та азан сияқты. Бірақ қаматта «Хайиә ғаләл фәләх» -тан кейін екі мәрте «Қад қамәтис-саләһ» қосылады. Үйде немесе далада оқылатын әр намазға азан шақырып, қамат айтқан абзал. Намаз уақыты кірмей азан шақырылмайды. Азан уақыттың емес, намаздың сүннеті. Сондықтан қаза намаздарында да азан шақырып, қамат айту – сүннет. Діннен алыс және пасық адамдардың азан шақыруы – мәкруһ. Жақсы-жаманды, дұрыс-бұрысты айыра алатындай сәбидің азан шақыруына болады. Әйелдер азан мен қамат айтпайды. Азан мен қаматтың соңғы сөздері сүкінмен аяқталуы керек. Азан шақырылғанда тәкбірлер мен шәһадаттарды қосыла қайталап, құрметпен тыңдау керек. Азаннан кейін мына дұға оқылады:

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=