БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
68 УАҚЫТ Намаз шарттарының бесіншісі – уақыт. Яғни, әр намазды өз уақытында оқу. Уақыты кірмей жатып оқылған намаз өтелген болып саналмайды. Намаз уақыттары өңірлер мен қалаларға арналған күнтізбелерде көрсетіледі. Мәкруһ уақыттар Намаз оқылмайтын үш уақыт бар: 1. Күн шыққаннан бастап (40-50 минут) ішінде. 2. Күн тас төбеде тұрған уақыт, яғни бесін намазының уақытына дейінгі (15-20 минут) аралығында. 3. Күн батып бара жатқанда, яғни ақшам намазының уақытына дейінгі 45 минут ішінде. Бұл мезгілде тек қана сол күнгі екінті намазының парызын оқуға болады. Аталған үш уақытта парыз намаздардың қазасы, уәжіп намаздар және мәкруһ уақыттан бұрын дайын тұрған мәйіттің жаназа намазы оқылмайды. Сондай-ақ әуелі оқылған сәжде аятының тиләуәт сәждесі де жасалмайды. Егер оқылған болса, қайталап оқу керек. Бұл үш уақытта нәпіл намаздар да оқылмайды. Бірақ оқылып қойған болса, қайталаудың қажеті жоқ. Мәкруһ уақыттарда Құран оқып, зікір айтуға болады. Таң намазының уақыты кіргеннен бастап күн шыққанға дейін (таң намазының сүннетінен басқа) және екінті намазы оқылған соң күн батқанға дейін нәпіл намаз оқу – мәкруһ. Азан мен қамат Намаз алдында азан шақыру уәжіп дәрежесіндегі сүннет муаккада. Намаздың уақыты азан арқылы жарияланады. Бір күндегі бес уақыт намаздың әрқайсысында азан шақырылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=