БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

67 күйдегісі алақан шұңқыры көлеміндей немесе одан артық болған жағдайда, қатты күйіндегілері бір дирһамнан (3.2 гр.) артық болған жағдайда намазға кедергі болады. Бұл нәжістердің барлығы бір жерде немесе әр жерде болса да тазарту парыз болады. 2. Жеңіл (хафифа) нәжіс: Еті желінетін жабайы және үй жануарларының нәжісі, еті желінбейтін құстардың саңғырығы. Бұл нәжіс түрлері киім немесе дененің төрттен бір бөлігінен көп жерін былғаса, намазға кедергі болады. Истинжа, истинқа, истибра Истинжа – үлкен-кіші дәретке отырғаннан кейін нәжіс шыққан жерлерді тазарту. Истинқа – истинжа тазалығына қосымша тазалық, яғни алдымен құрғақ бір затпен сүртіп, сонсын сумен жуып, артынан құрғату. Истибра – ер адамдардың кіші дәреттен соң іркілген зәр тамшыларын толық шығаруы. Ең тиімді жолы – түбінен ұшына қарай сыққаннан кейін жөтелу, шамалы жүру немесе бір жаққа қисаю. ӘУРЕТ ЖЕРІН ЖАБУ Намаз шарттарының үшіншісі – әурет жерін жабу. Әурет дегеніміз – адам тәнінің басқаларға көрсетуге, басқалардың көруіне болмайтын орындары. Ерлердің әуреті кіндіктен тізе астына дейін, ал әйелдердің әуреті – қолдың білезікке дейінгі, аяқтың тобыққа дейінгі жері мен жүзінен басқа барлық денесі. ҚҰБЫЛАҒА БЕТ БҰРУ Намаз шарттарының төртіншісі – Құбылаға бет бұру. Яғни, Меккедегі қағбаға бұрылу. Меккеге барып, қағбаны көріп тұрғандар тура қағбаға қарайды, ал оны көре алмайтын алыста тұратындар қағба жаққа бет бұрады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=