БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

66 Хайыз және нифас жағдайында харам болатын істер 1. Намаз оқу. Хайыз бен нифас жағдайында әйелдер намаз оқымайды. Бұл күндері оқымаған намаздарының қазасын да өтемейді. Тиләуәт және шүкір сәждесін де жасай алмайды. Бірақ қаласа намаз уақыттары кіргенде жайнамазда «әстағфируллаһ, субһаналлаһ, әлхамдулилләһ», – деп тәсбих тартуына болады. 2. Ораза ұстау. Хайыз және нифас жағдайында ораза ұстамайды. Бірақ ұсталмаған рамазан оразасының қазасы кейін өтеледі. 3. Құран Кәрім оқу. Тек қана зікір, мадақ және дұға мәні бар аяттарды дұға және зікір ниетімен оқуға болады. Бірақ, үкім және хабар білдіретін аяттарды дұға мақсатымен болса да, оқуға болмайды. 4. Құранға қол тигізу (бір аят болса да). Қағаз, мата, тіпті қабырғаға жазылған бір аятқа болса да қол тигізуге болмайды. Тек қана жабыспаған қабымен ұстауға болады. Киімнің жеңімен ұстау тәхримән макруһ. 5. Мешітке кіру. 6. Қағбаны тауап ету. 7. Жыныстық қатынас жасау. 8. Күйеу әйелінің кіндігі мен тізе аралығын жыныстық қатынас мақсатымен пайдалануға болмайды. НӘЖІСТЕН ТАЗАРУ Намаз шарттарының екіншісі – нәжістен тазару, яғни намаз оқитын жерде, денесінде немесе үстіндегі киімінде намазға кедергі болатын кір-лас болса, тазарту. Нәжіс екі түрлі: 1. Ауыр (ғализа) нәжіс: үлкен және кіші дәрет жерінен шыққан нәжіс, еті желінбейтін жануарлардың нәжістері мен сілекейі, тауық, қаз және үйректің саңғырығы, қан, ірің, мәни, мәзи, уәди, ауыз толтыра келген құсық, шарап және өзге харам ішімдіктер. Бұл нәжіс түрі, қан, ірің сияқты сұйық

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=