БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

65 мүмкін. • Екі етеккір мезгілі арасындағы таза күндер «туһур» деп аталады. Таза күндер ең азы 15 күн, одан әрі созылуында белгілі шектеу жоқ. • Нифастың ең азына белгілі мерзім жоқ. Ал нифастың ең ұзақ мерзімі босанған кезден бастап 40 күн. Егіз бала тапқан әйелдің нифас күні бірінші сәбидің туылған уақытынан бастап есептеледі. • Әйелдің қалыптасқан етеккір мерзімінде, хайыз келмеген күндер болса, ол күндер де хайыз күндері болып саналады. Мысалы, ең қысқа хайыз мерзімі саналатын үш күннің бірінші және үшінші күндерінде етеккір келіп, ал ортадағы екінші күнде етеккір келмесе де, ол күн хайыз күні болып саналады. • Хайыздың тыйылғанын етеккірдің толық ақкірге ауысқанына қарап білуге болады. Етеккірдің түсі қызыл болумен қатар, топырақ түстес, бұлыңғыр, жасыл, сары немесе қарақоңыр түсті болуы да мүмкін. • Кейбір әйелдердің етеккір күндері нақты емес. Мысалы, бір айда алты, басқа айда бес күн болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қан тоқтаған бесінші күні жуынып-шайынып намазын оқып, оразасын ұстайды. Алайда әдет мерзімі толғанша жыныстық қатынастан сақтануы керек. • Кейбір әйелдердің етеккір күндері нақты қалыптасқан. Мысалы, әр ай сайын тұрақты алты-жеті немесе тоғыз күн етеккір келеді. Етеккірдің нақты мерзімі ең бірінші етеккір келген уақыттан бастап тұрақтанады. Мысалы, бойжеткен қыздың бірінші келген етеккірі 7 күн келсе, бұдан кейін оның хайыз мерзімі 7 күн болып қалыптасады. • Әйелдердің хайыз мерзімдері кей кездері өзгеруі де мүмкін. Хайыз мерзімінің өзгергенін екі етеккір мерзімінен кейін барып білуге болады. Әр айда алты күн етеккір көретін әйел, қатарынан екі ай сегіз күндік етеккір көрсе, бұдан кейін хайыз күні алты емес, сегіз күн болып есептеледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=