БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
64 Таңғыш пен жарақатқа мәсіх тарту Дене мүшелерінің бірі шығып, сынып немесе жараланған жағдайда оған таңғыш немесе гипс салынса, ол мүшені жуу ауруды асқындыратын болса, таңғыштың көп бөлігіне мәсіх тартылады. Егер мәсіх тарту да зиянды болса, мәсіх те тартылмайды. Таңғышта мәсінің мерзімі сияқты мерзімі жоқ. Таңылған мүше жазылғанша мәсіх тарта беруге болады. Таңғыштың дәретпен бірге таңылуы шарт емес. Мәсіх тартылғаннан кейін таңғыш ашылып немесе шешіліп қалса немесе бұрынғы таңғыштың үстіне қосымша орауыш оралса, мәсіхті қайталап тартудың қажеті жоқ. ӘЙЕЛДЕРГЕ ТӘН ЖАҒДАЙЛАР Әйелдерге тән үш түрлі жағдай бар. Олар: 1. Хайыз 2. Нифас 3. Истихаза 1. Хайыз: Қыз балалар балиғатқа толғанда жатырынан белгілі уақытта келетін қан. Ең ерте 9 жаста басталып, 55 жасқа қарай тоқтайды. Мұны «етеккір» дейді. 2. Нифас: Әйелдің босанғаннан кейін жатырынан келетін қан. 3. Истихаза: Етеккірі болған әйелдерде, үш күннен аз немесе он күннен көп келген қан – истихаза қаны деп аталады. Босанғаннан кейін 40 күннен артық келген қан да истихаза қаны болады. Мұндай жағдай әйелдердің ораза тұтуына, намаз оқуына, басқа да ғибадаттарына және жыныстыққатынаста болуына кедергі келтірмейді. Истихаза қаны келген әйел әр намаз уақыты кіргенде жаңадан дәрет алып, намазын оқи беруіне болады. Бұл мұрыннан тоқтамай аққан қанға ұқсайды. • Хайыз ең аз 3 тәулік, ең көп дегенде 10 тәулікке созылуы
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=