БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

63 МӘСІГЕ МӘСІХ ТАРТУ Мұсылман ер-әйел, дәрет алғанда мәсіге мәсіх тартуына болады. Мәсіх тарту шарттары: 1. Мәсіні дәретті болған кезде кию; 2.Мәсі аяқтытобығыменқосажауыптұруы, еңболмағанда, 12000 қадам (5 км. шамасы) жол жүруге шыдайтындай болуы; 3. Мәсілерде үш елі көлеміндей жыртық немесе тесік болмауы; 4. Оңайлықпен су өткізбейтіндей, байлаусыз аяқтан шешіліп қалмайтындай қалың болуы; 5. Мәсі киілетін аяқтың бас жағының кем дегенде, үш елідей бөлігі болуы (Бір аяғының басы тобығына дейін жоқ болса, екінші аяғына мәсі киіп мәсіх тарта алмайды). Мәсіхтің мөлшері Мәсінің алдыңғы жағынан үш саусақ мөлшеріндей жерді сулап, мәсіх тарту парыз. Суланған қол саусақтарының арасын ашып, мәсінің тұмсығынан қонышына қарай тарту – сүннет. Мәсіхті бұзатын нәрселер: Дәретті бұзатын барлық нәрсе мәсіхті де бұзады. Тек қана мәсінің уақыты әлі бітпеген болса, жаңадан дәрет алғанда мәсіге мәсіх тартылады. 1. Мәсінің аяқтан шешіліп қалуы; 2. Мәсі киілгеннен кейін, бір аяқтың көп бөлігінің сулануы; 3. Мәсіх мерзімінің аяқталуы. Мәсіх мерзімі Мәсі киген адам мәсі киюден бұрын алған дәреті бұзылғаннан бастап 24 сағат бойы, сапардағы жолаушы адам 72 сағат бойы мәсісіне мәсіх тарта алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=