БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

6 ИМАН Иман – Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла Тағаладан жеткізгендерінің барлығын қабылдап, жүрекпен бекіту. Иманның негізі жүрегімен шынайы сену болып табылады. Бірақ адамға осы өмірінде және бақилық болған соң, мұсылманша қарым-қатынас жасалуы үшін кәлима шәһадатты 1 шын жүрегімен қабылдап, тілмен айтуы шарт. Иманныңшартыалтау. Бұлалтышарт төменде арабшасы мен мағынасы жазылған «Әмәнтуде» баяндалған: «Әмәнтү билләһи уә мәлә-икәтиһи уә күтүбиһи уә русүлиһи уәл-иәумил-әхири уә бил қадәри хайриһи уә шәрриһи миналлаһи Тәғалә уәл бағсү бағдәл-мәути хаққун әшһәдү ән лә иләһә илләллаһү уә әшһәдү әннә Мұхаммәдән ғабдүһү уә расулүһ». Мағынасы: «Мен Алла Тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға; жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаланың қалауы және жаратуымен болатындығына сендім. Өлімнен соң тірілу хақ. Мен Алла Тағаладан өзге құдай жоқтығына куәлік етемін және Мұхаммед (с.а.у.) Оның құлы әрі пайғамбары екендігіне куәлік етемін». 1 Кәлима шаһадат: Әшһәдү ән лә иләһә илләллаһү уә әшһәдү әннә Мұхаммәдән ғабдүһу уә расулүһ.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=