БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

54 Шейх ул–Ислам Ұриянизаде, тіс қаптатуға болады деп пәтуа берген. Ислам дінінде қолайлы болсын деп, шариғатта рұқсат берілмеген нәрсеге рұқсат беру, немесе шариғатта рұқсат берілген нәрсеге рұқсат берілмеген деп қиындық тудыруға жол берілмейді. ТӘЯММУМ Тәяммум, дәрет алуға, ғұсыл құйынуға су табылмағанда немесе қолдана алмайтын жағдайда, ниет етіп, екі қолды топырақ жынысынан болған нәрсеге екі рет ұрып, біріншісінде бетке, екіншісінде қолды шынтаққа дейін мәсіх тарту. Тәяммумнің парыздары Тәяммумнің парыздары екеу: 1.Ниет; 2.Қолды екі рет (топыраққа) ұру және мәсіх тарту. Тәяммумнің алынуы Бір мұсылман кісі ғұсыл немесе дәрет алу үшін су таба алмаса немесе тапқан суын қолдануға ауруының асқынуы, дұшпан қаупі, т.с.с. қатерлі кедергілер болса, ниет етіп топырақпен немесе топырақ жынысынан болған кез-келген нәрсемен тәяммум алады. Әуелі ниет етіп, әғузү-бисмиллә айтқан соң, қолдарын бір рет топырақ немесе топырақ жынысынан болған нәрсеге тигізіп, ілгері- кейін сүріп, (1 - сурет) қолдарды бір-біріне ұрып, артық шаң, топырақ түсіріледі (2 - сурет). Жүзіне мәсіх тартады (дәретте жуылатын алаңы) (3 - сурет). Екінші мәрте екі қолын дәл солай соғып ілгері- кейін сүріп, алдымен оң қолына (4-5 - сурет), сонан соң сол қолына мәсіх тартады (6-7 - сурет). Қолдардың іш және тыс жағында мәсіх тартылмаған жер қалмау керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=