БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
53 5. Оң иыққа үш мәрте су құйылып, әр ретінде дене ысқыланады. 6. Сол иыққа үш мәрте су құйылып, әр ретте дене ысқыланады. Бүкіл дене, кіндік шұңқырына дейін ешқандай құрғақ жер қалмайтындай ысқыланып жуылады. Ғұсыл дәреті және тіс қаптау мәселесі Ханафи мәзһабы бойынша, ауыз бен мұрын іші дененің сыртына жататындықтан жуылуы парыз, ал Шафиғи мәзһабы бойынша бұл - сүннет. Ғұсыл дәрет алатын адамның тіс қабынемесежасандытісі болса, сол тіс қабы немесе жасанды тісінің сыртынан жуумен ғұсыл толық орындалған болып саналады. Бұл мәселе жара мен таңғыш үстіне мәсіх тарту мәселесіне ұқсайды. Жараға таңылған таңғыш алынып, асты жуылмайды. Тіс те дәл солай. Егер протез тістер алынбалы-салынбалы болса, протез тістер алынып, орнына су тигізілуі керек. Тіс салдыру жайында Тістің біраз бөлігі шіріп немесе сынып қалса, жаңадан тіс салдыруға немесе тіс қаптатуға болады. Алайда зәруліксіз, сән үшін болса, бұған рұқсат етілмейді. Ханафи мәзһабының мүжтаһидтерінің бірі Имам Мұхаммедтің (р.Һ.) көзқарасы бойынша, босап тұрған тісті алтын сыммен қатайтуға, түскен немесе жұлынған тістің орнына алтын тіс салдыруға болады. Имам Ағзам Әбу Ханифаның (р.һ.) көзқарасы бойынша, алтынмен қаптау дұрыс емес, күміспен қаптауға рұқсат етіледі. Имам Әбу Юсуф та (р.һ.) (бір риуаят бойынша) дәл Имам Мұхаммед (р.һ.) сияқты айтқан. Алтынмен қаптауда Имам Мұхаммедтің (р.һ.) ижтиһады бойынша амал етуге болады. Ғұламалар Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің ижтиһады бойынша пәтуа берген. Сондай-ақ, Осман мемлекетінің ғұламаларынан әйгілі
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=