БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

52 ҒҰСЫЛ Ғұсыл – жүніптік, хайыз немесе нифастан тазару үшін су құйынып, тұла бойды ауыз бен мұрынды ішімен қоса жуу. Ғұсыл дәреті – жыныстық қатынас, ихтиләм, хайыз және нифастан кейін парыз болады. Ихтиләм – ұйқы үстінде ұрықтың шәһуатпен бөлініп шығуы. Ғұсылдың парыздары: 1. Ауызға су алу; 2. Мұрынға су алу; 3. Бүкіл денені жуу. Ғұсылдың сүннеттері: 1. Ниет ету; 2. Бисмиллә айту; 3. Алдымен әурет жерін жуу; 4. Бірінші, басқа сонан соң және сол иыққа үш мәртеден су құю. Әр құйғанда денені ысқылау; Ғұсыл дәреті қалай алынады? Сүннетке сай ғұсыл дәрет төмендегідей алынады: 1. Ғұсылға ниет етіліп, екі қол жуылады. Сонсын нәжіс болмаса да, әурет жерлер жуылады. 2. Бисмиллә айтылып, толықтай намаз дәреті алынады. Егер аяқ астына су жиналатын болса, аяқтарын ең соңында жуады. 3. Дәрет алғанда ауыз бен мұрын мол сумен шайылады. Себебі, ғұсылдың парызы саналатын ауыз бен мұрынға су алу осы дәрет алу барысында орындалады. 4. Бастан төмен қарай үш мәрте су құйылып, әр ретінде дене ысқыланып, сақал-мұрт және шаш түптеріне дейін су тигізу керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=