БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

37 бармақ және сұқ саусақпен тіс ысқыланып, ауыз үш рет шайылады. (2-сурет). 4. «Бисмиллә» айтылып, ауызға үш рет су алынады (3-сурет). 5. «Бисмиллә» айтылып, мұрынға үш рет су алынады (4- сурет). Аузы берік болмаса, су кеңсірікке дейін тартылып, сол қолмен сіңбіріледі. 6. Дәрет алуға ниет етіп, «Бисмиллә» айтып, уысына су алып, маңдай шаштың түбінен иек астына дейін, екі құлақ аралығы мен толық бет үш рет жуылады. Қастың түбіне дейін су тиюі қажет. Осылай тағы екі рет қайталанады. Әр ретте бет ысқылап жуылады. (5-сурет) 7. «Бисмиллә» айтып, алдымен оң қол сонсын сол қол шынтағымен қоса ысқылап, үш мәрте жуылады. (6-7- сурет) 8. «Бисмиллә» айтып, оң қолмен бастың төрттен бір бөлігіне мәсіх тартады (8-сурет). Кейін сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың артына мәсіх тартады. (9-сурет). Бас бармақ пен сұқ саусақ бүгіліп, қалған үш саусақтың сыртымен желкеге мәсіх тартылады (10-сурет). Басқа осылай толық мәсіх тарту - сүннет. Басқа толық мәсіхтің тартылуы Алдымен екі қол суланып, бас бармақ пен сұқ саусақты қоспай, қалған үш саусақ біріктіріледі. Іш жағы маңдайдың шаш біткен жеріне қойылады. Бас бармақ пен сұқ саусақ алақан іші басқа тигізілмейді. Осылайша артқа қарай мәсіх тартылады. Алақанның ішімен бастың екі жанына алдыға қарай мәсіх тартылады. Сонан соң сұқ саусақпен құлақ ішіне, бас бармақпен құлақ артына жоғарыдан төменге қарай мәсіх тартылады. Қалған үш саусақтың сыртымен желкеге мәсіх тартылады. Тамаққа мәсіх тартылмайды. 9. Аяқтар сол қолмен жуылады. «Бисмиллә»-мен оң аяқтың бақайларынан бастап жуылады (11-сурет). Сол қолдың шынашағымен бақайлардың арасы ысқыланады. Ысқылағанда бақайлардың оң жағынан басталады. Яғни,

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=