БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
36 Дәреттің мәкруһтары 1. Оң қолмен сіңбіру; 2. Дәрет мүшелерін үш реттен артық немесе кем жуу; 3. Суды бетке шашып жуу; 4. Күн көзіне ысыған сумен дәрет алу; 5. Суды өте аз немесе ысырап ету; 6. Дәрет алып жатқанда сөйлеу; 7. Дәрет сүннеттерін орындамау. Дәретті бұзатын нәрселер 1. Дәрет мүшелерінен зәр, қан, үлкен дәрет секілді нәжіс- тер және мәни шығу. 2. Денеден қан, ірің және сары су шығу; 3. Ауыз толтыра құсу; 4. Есінен адасу; 5. Мас болу 6. Есінен тану; 7. Жел шығу; 8. Жамбастап жатып немесе екі аяғын бір жаққа жіберіп, немесе малдас құрып отырып ұйықтау (Құйрық жерге толық тиіп тұрса, дәрет бұзылмайды); 9. Намаз үстінде басқалар еститіндей күлу; 10. Тіс арасынан шыққан қан түкірікпен бірдей немесе одан көп болуы; Ал, қан түкіріктен аз мөлшерде болса дәретті бұзбайды. Сондай-ақ қырыну, тырнақ алу сияқты нәрселер дәретті бұзбайды. Дәрет қалай алынады? 1. Мүмкіндік болса құбылаға қарап, биіктеу жерге отырып, «әғузу-бисмиллә»-мен басталады. 2. Екі қол білезікке дейін үш мәрте жуылады. Саусақтар салаланып, жүзік қозғалтылып, астына су тигізіледі (1-сурет). 3. Мисуак болса, мисуак қолданылады, болмаса, бас
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=