БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
35 Дәрет Дәрет – дененің белгілі мүшелерін арнайы тәртіпке сай жуу және мәсіх тарту арқылы орындалатын діни тазалық. Дәретсіз намаз оқуға, қағбаны тауап етуге, Құран Кәрімге қол тигізуге болмайды. Дәреттің парыздары Дәреттің парыздары төртеу; 1. Бетті жуу; 2. Екі қолды шынтақпен қоса жуу; 3. Бастың төрттен біріне мәсіх тарту яғни сулы қолмен сипау; 4. Екі аяқты тобығымен қоса жуу. Дәреттің сүннеттері 1. Ниет ету; 2. «Әғузү-бисмиллә»мен бастау; 3. Алдымен екі қолды білезікке дейін жуу; 4. Мисуак қолдану; 5. Жуылған ағза кеппей тұрып, кейінгісін жуу; 6. Ауыз бен мұрынға үш реттен су алу; 7. Құлаққа мәсіх тарту; 8. Саусақтарды салалау. Яғни, екі қолдың саусақтарын бір-біріне айқастырып ысқылау; 9. Мүшелерді үш реттен жуу; 10. Басқа толық мәсіх тарту; 11. Дәретті тәртібімен алу; яғни ағзаларды тәртібімен жуу. 12. Қол-аяқты жуғанда саусақ пен бақайлардың ұшынан бастау; Дәрет алғанда оқылатын дұғалар бар. Абзалы әр мүшені жуғанда бисмиллә мен Кәлима шәһадат айту.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=