БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

34 НАМАЗ Алла Тағалаға және пайғамбарымызға (с.а.у.) иман келтіруден кейінгі Ислам шарттарының ең бастысы әрі маңыздысы – намаз. Намаз иманның белгісі. Барлық пайғамбарлар намаздың өте маңызды ғибадат екендігін айтып өткен. Намаздың он екі парызы бар. Намаздың сыртындағы парыздары шарт , ал ішіндегілері рүкін деп аталады. Намаз шарттары: Намаз рүкіндері: 1. Дәретсіздіктен тазару; 1. Ифтитах тәкбірі; 2. Нәжістен тазару; 2. Қиям; 3. Әурет жерін жабу; 3. Қырағат; 4. Құбылаға бет бұру; 4. Рүку; 5. Уақыт; 5. Сәжде; 6. Ниет. 6. Соңғы отырыс. ДӘРЕТСІЗДІКТЕН ТАЗАРУ Намаз шарттарының біріншісі – дәретсіздіктен тазару. Дәретсіздік екі түрлі болады: Кіші дәретсіздік – дәреті болмау. Үлкен дәретсіздік – жүніптік, яғни бой дәретсіздік, әйелдерде нифас, хайыз (етеккір) жағдайлары болуы. Намаз оқу үшін кез-келген ер-әйел дәретсіз болса, дәрет алуы, жүніп болса, ғұсыл құйынуы, яғни бүкіл денесін жуып- шаюы шарт. Сондай-ақ, әйелдердің нифас және етеккірден тазара сала ғұсыл алуы – парыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=