БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

33 2. Уәжіп: Парыз дәрежесінде болмаса да, нақты дәлелдермен бекітілген амалдар. Мысалы, үтір уәжіп намазы, айт намаздары сияқты. 3. Сүннет: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзі, іс-әрекеті және басқалардың ісін құптауы. Сүннет екіге бөлінеді: а) Сүннетмуәккәдә: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әрдайым орындаған, өте сирек тәрк еткен амалдары. Таң намазы мен бесін намазының сүннеттері секілді. ә) Сүннет ғайри муәккәдә: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) анда-санда орындаған амалдары. Екінті және құптан намаздарының алдыңғы сүннеттері тәрізді. 4. Мүстахаб: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде істеген амалдары. Садақа беру және нәпіл ораза ұстау сияқты. 5. Мубах: Істесе сауап, істемесе күнә болмайтын істер. Отырып-тұру, ішіп-жеу сияқты. 6. Мәкруһ: Істелуі жағымсыз, амалдардың сауабын азайтатын істер. Намаз үстінде жан-жаққа қарау сияқты. 7. Муфсид: Басталған амалды бұзатын нәрселер. Мысалы, дәреті бар адамның денесінен қан немесе іріңнің шығуы, намаз үстінде күлу, оразада аузы берік болса да, бір нәрселерді ішіп-жеу сияқты. 8. Харам: Істелуі нақты дәлелдермен тыйым салынған нәрселер. Спирттік ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сияқты.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=