БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

32 КӘЛИМА ШӘҺАДАТ Исламның бірінші шарты кәлима шәһадат: «Әшһәдү ән лә иләһә иллалаһ уә әшһәдү әннә Мухаммәдән ғабдүһү уә расүлүһ». Мағынасы: «Алладан өзге құдайдың жоқтығына куәлік етемін және Мұхаммед (с.а.у.) оның құлы әрі пайғамбары екендігіне куәлік етемін». ӘФҒАЛ МҮКӘЛЛӘФИН Ислам діні ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған әрбір ер мен әйелге әмірлері мен тыйымдарын белгілеп берген. Осы әмірлер мен тыйымдарды «тәклиф» (талаптар), ал мұсылмандарды «мүкәлләф» (жауапкер) деп атаймыз. Мүкәлләфтардың істеуге немесе істемеуге тиісті амалдары «әфғал мүкәлләфин» деп аталады. Әфғал мүкәлләфин сегіз: 1. Парыз – Нақты айқын дәлелдермен бекітілген амалдар. Парыз екі түрлі болады: а) Парыз айын – әрбір мұсылманның тек өзі атқаруы арқылы ғана орындалатын парыз. Мысалы, бес уақыт намаз бен ораза сияқты. ә) Парыз кифая – Кейбір мұсылмандардың атқаруымен, барша мұсылмандарды міндеттен босататын парыздар. Мысалы, жаназа намазы, берілген сәлемді алу сияқты. Егер мұндай парызды мұсылмандардың ешқайсысы орындамаса, бәрі жауапты болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=