БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

3 ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА Қадірлі оқырман! Қолыңыздағы еңбекте кейбір сүрелер мен аяттар және дұғалардыңкирилләріптеріментранскрипциясыұсынылған. Бұл арабша оқуды білмейтіндерге жаттауы жеңіл болу үшін берілді. Алайда кирилл әріптерімен дұрыс жаттау мүмкін емес, сондықтан міндетті түрде ұстаз алдынан өтіп, дұрыс оқылуын үйрену керек. Сүрелерді және дұғаларды транскрипциямен оқығанда, төмендегі белгілерге назар аударыңыз. Созылып оқылатын әріптер: а – «а» дыбысы созылып оқылады. ә – «ә» дыбысы созылып оқылады. ү – «ү» дыбысы созылып оқылады. у – «у» дыбысы созылып оқылады. и – «и» дыбысы созылып оқылады. Өзіндік дыбыс ерекшелігі бар әріптер: һ – кедергісіз, жеңіл оқылады, арабша »ھ« әрпі. с – сақау әрі жіңішке оқылады, арабша »ث« әрпі. х – тамақ қысылып, қырылдамай оқылады, арабша »ح« . з – сақау әрі жіңішке оқылады, арабша »ذ« әрпі. ғ – тамақ қысылып, жұмсақ оқылады, арабша »ع« әрпі. Кейбір қысқартылған сөздер: с. а. у. – саллаллаһү ғаләйһи уә сәлләм а.с. – аләйһис-сәләм р.а. – радияллаһү ғанһ р.һ. – рахимәһулла Ескерту: Кітапта Құран Кәрім аяттары мен сүрелері болғандықтан, аяқасты етпей, таза ұстап, құрметпен қарауыңызды өтінеміз!

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=