БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

28 МӘЗҺАБТАР Мәзһаб – үлкен дін мүжтаһидтерінің шәрғи дәлелдерден шығарған мәселелер мен үкімдер жиынтығы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көзі тірісінде мұсылмандар толғандырған әртүрлі мәселелерді пайғамбарымыздан, одан кейін алдыңғы қатарлы сахабалардан сұрап білетін. Мәзһаб имамдары да діни мәселелерді сол сахабалар мен табиғинненүйреніп, бұлардыжинақтапбірқалыпқа түсірген. Аят, хадис және ижмағдан табылмаған мәселелерде өз көзқарастарын, яғни ижтиһадтарын білдірген. Осылайша мәзһабтар қалыптасқан. Сенім мен амалдағы хақ мәзһаб – Әһлі сүннет уәл жамағат мәзһабы. Бұл ардақты Пайғамбарымыз бен сахабаларының сенімі және амалына сай келетін мәзһаб. Әһлі сүннет уәл жамағат мәзһабының ақидадағы имамдары 1. Имам Әбу Мансур Матуриди 2. Имам Әбул Хасан Әшғари Имам Әбу Мансур Мұхаммед Матуриди һижри 280 жылы (М.894 ж.) Самарқанд шаһарына жақын Матурид ауылында дүниеге келіп, һ.333 жылы (М.945 ж.) Самарқанда қайтыс болған. Имам Әшғари һ.260 жылы (М.874 ж.) Басрада туылып, һ.324 жылы (М.936 ж.) Бағдатта қайтыс болған. Амалдағы хақ мәзһабтар Әһлі сүннет уәл жамағаттың амалдағы мәзһабы төртеу: 1. Ханафи мәзһабы: Имамы – Имам Ағзам Әбу Ханифа. Аты-Нұғман, әкесінің аты-Сәбит. Һ.80 жылы (М.699 ж.) Куфада дүниеге келіп, һ.150 жылы (М.767 ж.) Бағдатта қайтыс болған. 2. Малики мәзһабы: Имамы – Имам Малик бин Әнәс. Һ. 93 жылы (М.711 ж.) Мәдина Мунәууарада дүниеге келіп, һ.179 жылы (М.795 ж.) сол жерде қайтыс болған.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=