БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
27 ШАРҒИ ДӘЛЕЛДЕР Шарғи дәлелдер – діни үкімдерді шығаруда сүйенетін негіздер. Бұлар төртеу: 1. Кітап: Құран Кәрім. 2. Сүннет: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзі, іс-әрекеті және басқалардың іс-әрекетіне білдірген құптауы. 3. Ижмағ: Бір ғасырда өмір сүрген мүжтаһидтердің бір мәселе жайындағы ортақ келісімі. 4. Қияс: Бір мәселені, кітап, сүннет және ижмағ арқылы себептері ұқсас, үкімі белгілі екінші мәселемен салыстыру арқылы шешу. Ижтиһад: Шарғи дәлелдерден шариғат үкімін шығаруда барлық ғылыми күшін жұмсауы. Мүжтаһид: Кез келген шарғи үкімді аят пен хадистен шығарып, қияс жасай алатын жоғары дәрежелі ғалым. Мүжтаһид болу үшін барлық ислами ғылымдарды игерумен қатар, Алланың берген дарыны «ләдүни ғылымына» да ие болуы керек. Ғылым және ақпарат алу жолдары Олар үшеу: 1. Хауас сәлимә: Бес сезім мүшесі (көру, есту, дәм сезу, ұстау және иіс сезу). 2. Хабар садық: Шынайы хабар. Бұл екі түрлі: а) Пайғамбарлар арқылы келген хабар. ә) Жалған айтуға келісіп алулары мүмкін болмаған көпшіліктің бір ауыздан жеткізген хабары. 3. Ақыл.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=