БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
24 ИМАНДЫ САҚТАУДЫҢ ШАРТТАРЫ Әрбір мұсылман иманын қорғауда мына мәселелерге аса көңіл бөлуі керек: 1. Ғайыпқа иман. Ғайып – бес сезім мүшесі қабылдай алмайтын нәрселер. Мысалы: Алла, періште, жұмақ, тозақ, жын сияқты. 2. Халалға халал деп сену. Халал нәрсені Харам деуден сақ болу. 3. Харамға харам деп сену. Харам нәрсені халал деуден сақ болу. Мысалы, спирттік ішімдіктер, өсімқорлық сияқты харам етілген нәрселерді халал деп айтпау. 4. Әрдайым Алладан қорқу. 5. Дініміздің киелі санаған нәрселеріне құрмет көрсетіп, қадір тұту. 6. Алланың рақымынан үміт үзбеу. 7. Кәпірді кәпір, мұсылмандымұсылмандеп білу. Ашық түрде сөзімен, іс-әрекетімен дінге дұшпандық жасаған біреуді мұсылман деу, діннен шығарады. Ал дінге қызмет етіп, дін үшін күш-жігерін жұмсаған иманды адамды кәпір дегендер де діннен шығады. 8. Аллағамекен тағайындамау. Мысалы «Алла аспанда» деп сену адамды діннен шығарады. 9. Құранға күдіксіз сену. Құран аяттары кем немесе артық, не болмаса Жәбірейіл (а.с.) қателесті деу адамды діннен шығарады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=