БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
23 ЖАЗМЫШ Жазмыш – Алла Тағаланың ежелде тағдырға жазған оқиғаларының уақыты келгенде Ілімі мен Қалауына сай жүзеге асуы. Мысалы бір адамның дүниеге келуін Алла Тағала ежелде қалауы, бұл – тағдыр. Ол адам уақыты келген кезде дүниеге келуі болса – жазмыш. РЫЗЫҚ Рызық – Алла Тағаланың тіршілік иелеріне азықтану үшін берген, олардың ішіп-жеген несібелері. Бірақ адам рызығының халал немесе харам жолмен келуін өзі таңдайды, Алла Тағала да рызығын сол таңдаған жолдан береді. Сондықтан рызығын адалынан іздемей, арамға ауыз салғандар, таңдау еркіндігін жамандыққа жұмсағандары үшін жауапқа тартылады. Рызыққа емес, рызық беретін Аллаға арқа сүйеу керек. Әр жан иесінің рызығын беретін, рызық беруші – Алла Тағала. Оған сеніп, Одан сұрауымыз қажет. Оған шынайы иманмен берілгендер, ешқашан қиыншылық көрмейді. Керісінше, рызық беруші Алланы ұмытып, құлқынының құлы болғандар көп қиындыққа тап болып, өмірін өкінішпен өткізеді. ТӘУЕКЕЛ Тәуекел– белгілі мақсатқажету үшін барлықматериалдық және рухани шарттарды орындағаннан кейін, нәтижесін Алла Тағаладан күту. Егер адамның ісі ойлағанындай болмаса, оған қамықпай, «бәлкім, маған осы қайырлы шығар», – деп, тағдырына разы болуы керек. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сендердің жақтырмаған кейбір нәрселерің, ақиқатында өздеріңе қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер жақсы көрген кейбір нәрсе, шын мәнінде сендерге зиянды болуы мүмкін» – деген.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=