БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

22 Алла Тағала барлық рухтарға: «Әләстү бираббикүм» (Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?), – деп сұрағанда, рухтар: «Бәләә» (Әлбетте, Сен біздің Раббымызсың!), – деп уәде берді. Тағы кейбір адамдар: «Сен не істесең де, Алла қалағанын дұрыс жолға, қалағанын бұрыс жолға түсіреді», – деп айтады. Бұл көзқарас та мүлде дұрыс емес. Осыған қатысты Құран аяттарын көп адамдар қате тәпсірлеп түсіндіреді. Ғұлама Сүлеймен Хилми Тұнахан(қ.с.) бұл аятты: «Алла, дұрыс жолды қалаған адамға дұрыс жолды береді, адасқысы келгендерді адастырады», – деп тәпсірлей келе: «Әу баста пәленше жұмаққа, түгенше тозаққа барады деген белгілі бір үкім жоқ. Тек қана киімдер тігіліп қойған (Иман, нұр киімдері), осы киімдерді кигендер жұмаққа барады. Ал күпірлік, күнәкарлық, зұлымдық киімдер тігілген, бұл киімдерді кигендер тозаққа барады делінген. Пендеге бұл киімдерді ирада жүзиясымен таңдауда толық еркіндік берілген. Сондықтан адам бұлардың қайсысын таңдап кисе, соған сай тиісті орынға барады», - деп түсіндірген. Құл барлық ісіне өзі жауапты болғандықтан, күнәдан сақтанып, тағдырына бас иіп, маңдайына жазылғанға разы болуы керек. Сонымен қатар көрінетін-көрінбейтін бәле-жаладан сақтап, денімізге саулық, қайғысыз тыныш өмір беруі үшін Алла Тағалаға жалбарынуымыз да қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисте: «Садақа беру, бәленің бетін қайтарып, өмірді ұзартады» – деген. ТАҒДЫР Тағдыр – Бұл Иләһи бағдарлама. Ежелден мәңгілікке дейін жақсы-жаман болсын, орын алатын барлық оқиғалар туралы Алла Тағаланың алдын-ала білуі және қалауы.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=