БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

21 ТАҒДЫР МЕН ЖАЗМЫШҚА ИМАН Иманның алтыншы шарты – тағдырға сену. Тағдыр мен жазмыш мәселесі түсінікті болу үшін алдымен ирада жүзия туралы айта кетейік. ИРАДА ЖҮЗИЯ Ирада жүзия – Алла Тағаланың құлына берген белгілі таңдау мен талғау еркіндігі. Бұл еркіндікті жақсы түсіну қажет. Адам осы еркіндігін жақсылыққа жұмсаса, Алла оған жақсылықты жаратады, ал жамандыққа жұмсаса, жамандықты жаратады. Сөйтіп адам жұмақты да, тозақты да өзі таңдаған болады. Жаратушы – бір Алла. Ол қаламаса, ол жаратпаса еш нәрсе де жүзеге аспайды. Бір сөзбен айтқанда, құл тырысып-талаптанушы, ал Алла Тағала жаратушы. Адамға берілген ирада-и жүзия көлік тізгініне ұқсайды. Оны қай жаққа бұрса, көлік сол жаққа бұрылады. Сол себепті, күнә істеген адам: «Алла Тағала осылай қалап, осылай жаратып қойса, менің амалым қанша?!» – деп, жауапкершіліктен бұлтара алмайды. Құлдың өзінің ықылас- пейілі сол жаққа ауғандықтан, Алланың қалауы да солай болады. Ал құлдың мұндай ирада-и жүзиясы, яғни таңдау еркіндігі болмағанда, Алла Тағала оны жақсылыққа немесе жамандыққа мәжбүрлегендей болар еді. Бірақ, Алла құлына күнә жасатып, кейін оны жазалаудан пәк. Кейбірадамдар: «Рухтаржаратылғанкездеәлдекімдердің рухы сәждеге барып, кейбіреуінің рухы сәждеге бармаған. Сәждеге бармаған рухтар кәпір болып өтеді», – дейді. Бұл мүлде дұрыс емес. Мұндай көзқарастағы адамның иманы зиянға ұшырайды. Ол жерде қарсылық көрсету мүмкін емес еді. Қаласада, қаламасада барлығытүгел сәждегежығылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=