БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
20 АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН Иманның бесінші шарты – ақырет күніне сену. Сүрдің үрленуі, өлілердің тіріліп, қабірлерінен тұруы, амал дәптерінің берілуі және махшар алаңына жиналып, сұрақ пен есепке тартылуы, мизан, шапағат, сырат, кәусар, жұмақ және тозақ сияқты ақыреттік болмыстарға сену. Ақырет – дүниеден кейінгі мәңгі өмір. Алла Тағала күллі жаратылысты уақытша жаратқан. Исрафил аләйһис- сәләмніңбірінші сүрүрлеуіненкейінқияметбасталып, барлық тіршілік иесі өліп, әлемдегі барлық нәрсе жоқ болады. Ал екінші сүр үрленгеннен кейін, барлығы қайтадан тіріліп, есеп беру үшін махшар алаңына жиналады. Махшар алаңында Алланың құзырында бүкіл адамзат пен жындар жасаған істерінен сұралып, ұсақ-түйек амалдарына дейін жауапқа тартылады, ақысы кеткендердің ақысы қайтарылады. Есеп беруден кейін ізгілер жұмаққа, күнәкарлар тозаққа кетеді. Мұсылмандар жұмақта Хақтың дидарына қауышады. Ақыретке сенбеген адам, Алла Тағалаға да, пайғамбарға да сенбеген болып саналады. АЖАЛ Ажал – адамға Алланың берген өмірінің таусылуы. Ажал, белгіленген уақытында келеді, не бір сәт ерте, не бір сәт кеш келмейді. Адам қандай себеппен өлсе де, ажалымен өлген болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=