БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
2 АЛҒЫ СӨЗ Адамзатты және күллі ғаламды ерекше хикметпен, ұлы мақсатпен жаратқан Алла Тағалаға шексіз мақтау мен мадақтаулар болсын. Әлемге рақым, ұлы шапағатшы әрі ұлы пайғамбар ретінде жіберілген Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм), оның әулетіне, сахабаларына және барлық оған ерушілерге салауат пен сәлем болсын. Ғылымхал – Мұсылмандардың сенім мен ғибадатқа қатысты білуі қажетті мағлұматтарды қамтыған кітап. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» – деген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы мүбәрак сөзіндегі мұсылмандарға парыз болған білім, адамды екі дүние бақытына жетелейтін осы Ғылымхал кітабындағы негізгі мағлұматтар. Сол себебті әрбір мұсылман ер мен әйел иман мен ғибадатқа қатысты мәселелерді игеруі парыз. «Зарурат әд-диния» деп аталатын бұл маңызды мәселелерге сеніп, үйренбейінше адам толық мұсылман бола алмайды. Кез-келген мұсылманның негізгі діни мәселелерді оңай қабылдап, жадында сақтауы жеңіл болуы үшін ханафи мәзһабы бойынша Ғылымхал кітабы дайындалды. Барша мұсылманды Алла Тағала ризашылығына бөлесін! Әумин.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=