БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
19 САХАБАЛАР Сахабалар – Пайғамбарымызды (с.а.у.) тым болмағанда бір рет иман көзімен көріп, сұхбатына қатысқан мұсылмандар. Сахабалардың барлығының дәрежесі өте жоғары. Себебі, олар Пайғамбарымызды өз көздерімен көріп, қиын- қыстау сәттерде оның қасынан табылып, мал-жанымен Иман және Исламның таралуы үшін әрекет еткен, үлкен қайрат көрсеткен болатын. Осылайша, Пайғамбарымыздың ілтипатына бөленіп, батасын алған абзал жандар. Қасиетті дініміздің таралуында үлкен қызмет еткен. Бүгінгі таңда бір адам жалғыз өзі бүкіл дүниеге дінді үстем қылатындай игілік жасаса, жер шары көлеміндей алтынды садақа берсе де, сахабалардың ең төменгі дәрежесіне де жете алмайды. Біз, мұсылмандар, сахабалардың бәрін жақсы көріп, ардақтап, қадір тұтуға міндеттіміз. Олардың өз арасында орын алған кейбір қайшылықтарды желеу етіп, оларға қарсы бір ауыз сын айтуға хақымыз жоқ. Өйткені, олар мүжтаһидтер болып, ижтиһадпен амал ететін. Олардың біріне тіл тигізгеннің иманы әлсіреп, діні ауыр зиянға ұшырайды. Райынан қайтып, сенімін түзетпейінше кәміл мұсылман бола алмайды. Сахабалар екі топ: 1. Мұһажир – дүние-мүлкін тастап Алла ризалығы үшін, Меккеден Мәдинаға қоныс аударған мұсылмандар. 2. Ансар –Меккеден көшіп келген мұсылман бауырларына Алла ризалығы үшін бүкіл мал-мүлкімен көмектескен жергілікті Мәдиналық мұсылмандар. Әр екі жақ та Алла жолындағы осы істері арқылы үлкен сауап пен жоғары мәртебеге ие болған. Пайғамбарлардан кейінгі адамзаттың ең жоғарғы мәртебесі сахабаларға тән. Сахабалардың ішінде Xз. Әбубәкір (р.а.), Xз. Омар (р.а.), Xз. Осман (р.а.) және Xз. Әлидің (р.а.) мәртебелері басқа сахабалардың мәртебелерінен биік.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=