БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

18 Раббыңның атымен оқы. Ол адамды (бір түйір) ұйыған қаннан жаратты. Оқы, Раббың ардақты. Ол қаламмен (жазуды) үйретті. Адамға білмегенін білдірді», – деген мағынадағы «Алақ» сүресінің алғашқы бес аятын оқыды. Осылайша, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм) пайғамбарлық міндеті жүктеледі. Құран Кәрім 23 жыл бойы түсірілді. Он үш жыл бойы адамдарды Меккеде Хақ жолына шақырады. Қиын машақаттар көріп, ауыр азап шекті. Бәріне сабырлық көрсетіп Алланың барлығы мен бірлігін жаюға бүкіл күш-жігерін арнады. Содан кейін Мадина Мунаууара қаласына қоныс аударды. Он жыл Мадинада пайғамбарлық міндетін барлық күш- қайратымен атқарды. Адамдарға адамгершілікті үйретіп, өркениет жолын көрсетті. Қараңғы көңілдерді Ислам нұрымен нұрландырып, міндетін мүлтіксіз орындады. Алпыс үш жасында дүниеден өтті 1 . Адамзатқа тура жолға бастайтын Құран Кәрім мен сүннеттерін өсиет және аманат етіп қалдырды. Салауат пен сәлем саған болсын, уа Алланың Расулі! Сен – әлемдердің Раббы Алла Тағаланың ұлы мақтауына иесің. Сен – Мұхаммед Мұстафасың (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм). Сен – Күллі әлемге жіберілген рақымсың. Адамзат пен жындар қауымының Пайғамбарысың! Сен – «Хатәм ул- Әнбия» ең соңғы пайғамбарсың! Сен туралы «Ләу ләкә ләу ләк ләмә халәқтүл әфләк» 2 – деп айтылған. 1. Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижри жыл санауымен 63 жыл өмір сүрді. Һижраттан 53 жыл алдын дүниеге келген, һижрат- тан 10 жыл өткен соң қайтыс болған. Милади жыл санағымен 635-571= 61 жыл. Екі жыл айрымашылық себебі һижри жыл санағында 354 немесе 355 күн болады, милади жыл санағында 365 күн болады. 2. Хадис Құдсиде: «Егер Сен болмағанда, әлемді жаратпайтын едім» — деп айтылған.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=