БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

179 парызды тек кешіктіргенде жасалады. Сұрақ : Сәһу сәждесі жасалмаса не болады? Жауап : Намаз толық болмайды. Сұрақ : Сәһу сәждесі қалай жасалады? Жауап : Соңғы отырыста әттахият оқып, бір немесе екі жаққа сәлем бергеннен кейін 2 рет қайта сәждеге барады. Екінші сәждеден соң отырып, әттахиатты, салауатты аяғына дейін оқып сәлем береді. Сұрақ : Сәһу сәждесін қажет ететін бірнеше жағдайды ата? Жауап: 1) Фатихадан кейін қосымша сүре ұмытылған жағдайда; 2) Үтір уәжіп намазында құнұт дұғасын оқуды ұмытса; 3) 4 рәкәғаттық намаздардың алғышқы отырысынан соң дереу үшінші рәкәғатқа тұру қажет болғанда мұны ұмытып, салауат оқуды жалғастырып, салли-бәриктің «Аллаһүммә салли ала Мұхаммедин» деген жеріне дейін оқыса, намаз соңында сәһу сәждесі жасалады. Сұрақ: Жан-дүниемізбен құлшылық етіп, ерекше қадірлейтін қасиетті түндер нешеу? Жауап : Бесеу. 1. Мәуліт. 2. Рағайып түні. 3. Миғраж түні 4. Барат түні. 5. Қадір түні. Сұрақ : Мәуліт түні дегеніміз не? Жауап : Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеге келген түн. Сұрақ : Рағайып түні деген не? Жауап : Хазіреті Әмина анамыздың Пайғамбарымызға (с.а.у.) аяғы ауыр болғанын білген түн. Сұрақ : Миғраж түні деген не? Жауап : Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) иләһи салтанатты тамашалау үшін Алланың шақыруы және теңдессіз құдіреті арқылы мұғжиза ретінде жеті қат көк аспанның ар жағына, ғажайып ғаламға саяхат жасаған түні.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=