БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

178 Сұрақ : Ғұсыл дәреті қалай алынады? Жауап : Әуелі бисмиллә іштей айтылып, ниет етіледі. Әурет жерлер жуылады. Намазға дәрет алғандай, дәрет алып, ауыз 3 рет, мұрын 3 рет жақсылап шайылады. Дәреттен кейін 1 рет төбеден су құйылып, әуелі оң, кейін сол иыққа су құйылып, әрбірінде бүкіл дене ысқыланады. Денеде титтей де құрғақ жер қалмайтындай етіп, жүзіктің асты мен кіндік шұңқырына дейін бүкіл денеге су тигізіледі. Осылайша тағы 2 рет бүкіл дене жуылады. Судың теріге өтуіне кедергі келтіретін нәрселер алынып, су тигізіледі. Әйелдер сырғалық тесіктеріне дейін су тигізеді. Сұрақ : Тәяммумнің парызы қанша? Жауап : Екеу. 1. Ниет (Тәяммумға ниет ету). 2. Қолын таза топыраққа екі рет ұрып, жүзіне және шынтаққа дейін қолына мәсих тарту. Сұрақ : Бір күнде қанша рет намаз оқылады? Жауап : Бес рет. Таң, Бесін, Екінді, Шам, Құптан. Сұрақ : Бұлар қанша рәкәғат? Жауап : Таң намазы төрт рәкәғат, 2 рәкәғат сүннет, сосын 2 рәкәғат парыз оқылады. Бесін намазы – он рәкәғат: 4 рәкәғат алдыңғы сүннет, сосын 4 рәкәғат парыз, сосын 2 рәкәғат соңғы сүннет оқылады. Екінті намазы – сегіз рәкәғат. 4 рәкәғат сирек оқылатын сүннет, сосын 4 рәкәғат парыз оқылады.Шам намазы – 5 рәкәғат, 3 ракағат парыз, сосын 2 рәкәғат сүннет оқылады.Құптан намазы – 13 рәкәғат. Алдымен, 4 рәкәғат алдыңғы сүннет, сосын 4 рәкәғат парыз, одан кейін 2 рәкәғат сүннет, соңында 3 рәкәғат үтір уәжіп намазы оқылады. Бір күнде барлығы 40 рәкәғат. Сұрақ : Намазда қосымша сүрені ұмытқан кезде не істеу керек? Жауап : Сәһу сәждесін жасау керек. Сұрақ : Сәһу сәждесі қандай жағдайда жасалады? Жауап : Уәжіпті ұмытып, кейінге қалдырған кезде,

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=