БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
177 Сұрақ : Санап бересің бе? Жауап : Ұйқтап қалу, ұмыту, шайқас кезінде дұшпанның мұрша бермеуі. Сұрақ : 32 парызды санап бере аласың ба? Жауап : Алтауы иманның парызы, бесеуі Исламның шарты, он екісі намаздың парызы, төртеуі дәреттің парызы, үшеуі ғұсылдың парызы, екеуі тәяммумнің паразы. Барлығы – 32. Сұрақ : Иманның шарттары қандай? Жауап : Алланың барлығына, бірлігіне періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға яғни, жақсы мен жаманның жаратушысы Алла Тағала екендігіне және өлгеннен кейін тірілуге сену. Сұрақ : Исламның шарты қанша? Жауап :Бесеу: 1. Кәлимә шәһәдат айту; 2. Зекет беру; 3. Намаз оқу; 4. Ораза ұстау; 5. Қажылыққа бару. Сұрақ : Намаздың парызы қанша? Жауап:Намаздың парыздары он екі (алтауы сыртында, алтауы ішінде). Сұрақ : Сыртындағылары қайсы? Жауап : Дәретсіздіктен тазару, нәжістен тазару, әурет жерін жабу, құбылаға бет бұру, уақыт, ниет. Сұрақ : Ішіндегілері қайсы? Жауап : Ифтитах тәкбірі, қиям, қырағат, рүку, сәжде, соңғы отырыс. Сұрақ : Дәреттің парызы қанша? Жауап : Төртеу. Бетті, маңдай шаштың түбінінен бастап иекке дейін және екі құлақ сырғалығы аралығын жуу. Қолды шынтақпен қосып жуу. Бастың төрттен біріне мәсих тарту. Аяқты тобығымен қоса жуу. Сұрақ : Ғұсылдың парызы қанша? Жауап : Үшеу. Ауызға су толтырыпшаю, мұрынға су тартып сіңбіру және бүкіл денені құрғақ жер қалдырмай жуу.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=