БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
176 Сұрақ : Әһли сүннет уәл-жамағаттың ақидадағы (сенімдегі) мәзхаб имамдары нешеу? Жауап : Екеу. Сұрақ : Кімдер? Жауап : Әзіреті Имам Әбул-Мансур Мұхаммед Матуриди және әзіреті Әбул-Хасан әл-Әшғари. Сұрақ : Амалдағы мәзхаб қанша? Жауап : Төртеу. Сұрақ : Қандай? Жауап : Ханафи, Шафиғи, Малики, Ханбали. Сұрақ : Ақидадағы мәзхаб қандай? Жауап : Әһли сүннет уәл-жамағат мәзхабы. Сұрақ : Амалдағы мәзхабың қайсы? Жауап : Ханафи мәзхабы. Сұрақ : Біздің ақидадағы мәзхабымыздың имамы кім? Жауап : Имам Әбул-Мансур Мұхаммед Матуриди (р.һ). Сұрақ : Шафиғи, Малики, Ханбали мазһабындағылар- дың ақидадағы имамы кім? Жауап : Имам Әбул Хасан Әшғари (рахметуллаһи аләйһи). Сұрақ : Имам Әбул Мансур Матуриди қай жерде туылған? Жауап :Самарқан қаласының Матурид ауылынан.Тегі – түркі. Сұрақ : Матуриди қай жылы қайтыс болды? Жауап : Хижра 333 жылы Самарқанда қайтыс болды. Сұрақ : Әбул-Хасан Әшғари қай жерден? Қай жылы дүниеден өткен? Жауап : Басралық. Хижра 324 жылы дүниеден өткен. Сұрақ : Намаздың қаза болуына заңды себеп нешеу? Жауап : Үшеу.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=