БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

175 Сұрақ : Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллал- лаһү ғаләйһи уә сәлләм) қай күні өмірге келіп, қашан қайтыс болды? Жауап : 571 жылдың рабиғуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні дүниеге келді. 632 жылғы рәбиғуләууәл айының 12-сінде дүниеден өтті. Сұрақ : Пайғамбарымыз (с.а.у.) қасиетті Меккеден Мәдина Мунәууараға қай жылы хижрет етті (қоныс аударды)? Жауап : 622 жылы хижрет етті. Хижрет мұсылмандар үшін жыл санауының басы болып есептеледі. Сұрақ : Періште деген не? Жауап : Алланың нұрдан жаратқан, қалаған бейнеге ене алатын және әрдайым ғибадат ететін күнәсіз болмыстары. Сұрақ : Төрт үлкен періште қайсы? Жауап : Жәбірейіл, Микәил, Исрафил, Әзірейіл (а.с.) Сұрақ : Төрт үлкен кітап қайсы? Қайсысы қай пайғам- барға түскен? Жауап : Тәурат Мұса (ғ.с.)-ға, Зәбүр Дәуіт (ғ.с.)-ға, Інжіл Иса (ғ.с)-ға, Құран Кәрім Мұхаммед Мұстафа саллаллаһү ғәләйһи уә сәлләмға түсірілген. Сұрақ : Сухуф деген не, олардың саны қанша, кімдер- ге берілген? Жауап : Алланың төрт кітабынан басқа Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы кейбір пайғамбарларға жіберілген парақтарды «сухуф» деп атайды. Бұлардың саны 100. Адам аләйһиссәламға 10 сухуф, Шит аләйһиссәләмға 50 сухуф, Ыдырыс аләйһиссәләмға 30 сухуф, Ибраһим аләйһиссәләмға 10 сухуф жіберілген. Сұрақ : Мәзхаб дегеніміз не? Жауап:Үлкенмүжтәһидғалымдардыңшарғидәлелдерден шығарған мәселелері мен үкімдерінің жинағы.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=