БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
174 хикметі – әйелдер арқылы Исламды жаю. Сұрақ : Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең соңғы қайтыс болған әйелі кім? Жауап : Әзіреті Айша (радиаллаһу ғанһа) анамыз. Сұрақ : Адамзаттың ең ұлысы кім? Жауап : Әзіреті Мұхаммед Мұстафа саллаллаһү ғәләйһи уә сәлләм. Сұрақ : Пайғамбарымыздың неше немересі бар? Жауап : Екі немересі: Хасан және Хүсейн (р.а.) Сұрақ : Бұлар кімнің балалары? Жауап : Әли мен Фатиманың (радиаллаһү анһүмә) балалары. Сұрақ : Пайғамбар деп кімді айтамыз? Жауап : Үкімдерін адамзатқа жеткізу үшін, Алланың Өзі міндет жүктеп жіберген таңдаулы құлдары. Сұрақ : Алла тарапынан жаратылысқа қанша пайғам- бар жіберілген? Жауап : Пайғамбарымызданжеткенбірриуаятта (деректе) жүз жиырма төрт мың, екінші бір риуаят бойынша екі жүз жиырма төрт мың екендігі айтылған. Сұрақ : Құран Кәрімде қанша пайғамбарлардың аты аталған? Жауап : Жиырма сегіз. Сұрақ : Аттарын айта аласыз ба? Жауап : Адам, Ыдырыс, Нұх, Хұд, Салих, Ибрахим, Лұт, Исмайыл, Ысқақ, Яқуб, Юсуф, Әюб, Шұғайып, Мұса, Харун, Дәуіт,Сүлеймен,Юнус, Ілияс,Әлиясағ,Зүлкифіл,Зәкәрия,Яхия, Иса, Үзәйір, Лұқман, Зұлқарнайын және әзіреті Мұхаммед Мұстафа (Салауатуллаһи ғала нәбийнә уә ғалейһим әжма ғин). Әзіреті Үзәйір, Лұқман және Зұлқарнайын (ғалейһимус- сәләм) әулие болған деген деректер де бар.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=