БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
172 Сұрақ : Құбылаң қай жер? Жауап : Қағба Муаззама (Қасиетті Кағба) Сұрақ : Кімнің ұрпағысың? Жауап : Адам (а.с.)-ның ұрпағымын. Сұрақ : Кімнің милләтісің? Жауап : Ибраһим (а.с.) милләтімін. Сұрақ : Кімнің үмбетісің? Жауап : Мұхаммед (с.а.у.) үмбетімін. Сұрақ : Пайғамбарымыз (с.а.у.) қай жерде туылды, қазір қай жерде? Жауап : Меккеде туылды. Елу жастан асқанда Мәдинаға қоныс аударды. Қазір Мәдинада «Рауза Мүтаһһарада» Сұрақ : Пайғамбарымыздың (с.а.у.) неше аты бар? Жауап :Жақсы есімдері көп. Тек төртеуін білуіміз керек. Олар: Мұхаммед, Мұстафа, Ахмет, Махмұт. Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең көп қолда- нылған есімі қайсысы? Жауап : Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) Сұрақ :Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әкесінің аты кім? Жауап : Абдулла. Сұрақ : Анасының аты кім? Жауап : Әмина. Сұрақ : Сүт анасының аты кім? Жауап : Халима ханым. Сұрақ : Кіндік шешесінің аты кім? Жауап : Шифа ханым. Сұрақ : Атасының аты кім? Жауап : Әбдүлмүтәліп.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=