БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

171 Сұрақ : Сен кімнің құлысың? Жауап : Алланың құлымын. Сұрақ : Алла нешеу дегендерге не дейсің? Жауап : Алла біреу деймін. Сұрақ : Алланың біреу екеніне қандай дәлелің бар? Жауап : Ықылас сүресінің алғашқы аяты. Сұрақ : Оның мағынасы қандай? Жауап : «(Уа, Мұхаммед (с.а.у.) оларға:) Ол Алла біреу, – деп айт!». Сұрақ : Алланың барлығына ақыли дәлелің қандай? Жауап : Мына әлемнің барлығы және бүкіл әлемдегі тәртіп пен жүйенің жалғасуы. Сұрақ : Алланың болмысын сипаттауға бола ма? Жауап : Жоқ, болмайды. Себебі, ақылдың күші Алланың болмысын түсінуге жетпейді. Тек Алланың сипаты жайында ғана ойлануға болады. Сұрақ : Иман йәис деген не? Жауап : Көз жұмарда Перғауын сияқты иманға келу. Сұрақ : Бұл иман қабыл бола ма? Жауап : Жоқ. Сұрақ : Тәубе йәис деген не? Жауап :Иманымен амал-құлшылығыбар бірмұсылманның қайтыс боларда күнәларына тәубе етуі. Сұрақ : Осы тәубе қабыл бола ма? Жауап : Әрине, қабыл болады. Сұрақ : Дінің қандай? Жауап : Дінім Ислам. Сұрақ : Кітабың қайсы? Жауап : Құран Кәрім.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=